Д. Песков: Шекара жабылған жоқ

Д. Песков: Шекара жабылған жоқ

23 қыркүйекте өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында Ресей құрамына кірі туралы референдум басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда шамамен 9 миллион адам тұрады. Дауыс беру үйлердің жанында өтіп жатыр. Не болмаса орталық сайлау комиссиясының мүшелері пәтерлерді аралап жүр. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалды. Бірақ ертең, яғни саяси шараның соңғы күні арнайы бөлімшелер ашылады. Қолда бар мәлімет бойынша дауыс беру өтті деп танылды. Өйткені 4 өңірде де қатысушылардың белсенділігі қажетті 50 пайыздық межеден асқан. Әсіресе өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск республикаларындағы көрсеткіштер жоғары.

Елена, сайлау комиссиясының мүшесі:

- Расымен тұрғындардың белсенділігі жоғары. Олар мүмкіндігінше референдумқа қатысуға тырысып жатыр. Төсек тартып жатып қалған азаматтар бізге қоңырау шалып, үйіне шақырады. Жұрт бейбіт өмірді қалайды. Мариупольде қарт кісі көп. Олар биліктен көмек күтеді. Қаланың бұрынғыдай болғанын қалайды.

Вадим, Мариуполь тұрғыны:

- Атыс-шабыстан үйім өртеніп кетті. Сондықтан мен референдумнан өзгерістер күтемін. Жасым 72-де. Билік баспанамды қалпына келтіріп берсе екен. Бала-шағамыз осында оралса деймін.

Бірақ басқа пікір танытып жатқан тұрғындар да бар.

Наталья, Краматорск тұрғыны:

- Референдум туралы өз ойымды айтатын болсаа, меніңше ол заңсыз өтіп жатыр. Өйткені бұл біздің жеріміз.

Нина Павлюк, Мариуполь тұрғыны:

- Қалай болғанда да Мариуполь Украина әскерінің бақылауына өтеді. Бүгін маған Мариупольдегі бірнеше танысым қоңырау шалып, референдумға қатысқымыз келмейді, бірақ қорқамыз, енді не істейміз деп сұрады.

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ КӨБІ ДОНЕЦК ЖӘНЕ ЛУГАНСК-ДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАРСЫ

АҚШ президенті алдағы уақыта Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынатынын жеткізді. Ресми Киев те оның нәтижесінің ешқандай заңды күші жоқ екенін айтады. Украинаның бас прокуратурасы өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының сайлау комиссияларының басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғады. Олар аумақтық тұтастыққа қол сұқты деп айыпталып отыр.

Д. ПЕСКОВ: ШЕКАРА ЖАБЫЛҒАН ЖОҚ

Ал Ресейде қазір ішінара мобилизация жүріп жатыр. Алайда бұған қарсы наразылық акциялары басылар емес. Әскери комиссариаттарға шабуыл жасау оқиғалары жиіледі. «ОВД-Инфо» құқық қорғау медиажобасының мәліметі бойынша тәртіпсіздіктерге байланысты 2 жарым мыңға жуық адам қамауға алынған. Дегенмен Ресейдің ішкі істер министрлігі бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. Ал Федерация кеңесі әскерге шақыру жасындағы азаматтарда елден шығуға тыйым салуды ұсынды. Десе де Владимир Путинның баспасөз хатшысы өңірлерде шекараны жабу туралы шешім қабылданбағанын айтады. Ол елде әскери жағдай енгізілген жоқ дейді. Песков жартылай мобилизацияға қатысты заң бұзушылықтар туралы хабардар екенін де жеткізді. Ол мұндай олқылықтарға жол берілмейді деді. Саха республикасында 120 адамды әскерге шақыру кезінде қателік кеткені белгілі болды. Енді ол азаматтар үйлеріне қайтарылып жатыр.  

ШЕКАРАДАҒЫ КЕЗЕК

Қазір жартылай мобилизацияға қарсы жұрт Ресейден өзге елдерге кетіп жатыр. Салдарынан әуе билеттерінің құны шарықтап кетті. Құрлықтағы шекарада бірнеше шақырымдық кезек пайда болды. Мәселен, Финляндия тарабының хабарлауынша, демалыс күндері көрші елден 17 мың адам шекара асқан. Өткен аптада бұл сан екі есе аз болған еді.

Тамара Дүйсенова жалға берілетін баспана бағасына да тоқталды. Министр тұрғын үй нарығын жалға алушылардың да, жалға берушілердің де мүддесі қорғалатындай етіп реттеу керек екенін айтты.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Елде баспананы жалға беру нарығы толық реттелмеген. Бұл мәселе бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жеке нұсқау бар. Олар да жуырда өз ұсыныстарын береді деп ойлаймын. Болашақта қос тараптың мүддесін қорғау үшін қанша пәтер жалға берілетінін және тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелген/тіркелмегенін көрсететін тізім пайда болуы мүмкін. Пандемия кезінде мемлекет есебінен көп адам қолдау тапты. Өйткені көбінің кәсібі тоқтап қалды. Мен мемлекеттің де, осы бизнеспен айналысатын адамдардың да көзқарасы тұрғысынан айтып отырмын.