Қазақстанға ҰҚШҰ елдерінің әскерлері келеді

Қазақстан аумағында Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жедел әрекет ету күштерінің оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы тұста елге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылмақ. Мұны Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

3-7 қазан аралығында оқу-жаттығу «Матыбұлақ» полигонында өтеді. Қазақстандағы оқу-жаттығуларға 850-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылған. Жалпы саны 6 мың 500-ден астам адам қатысады деп жоспарлануда.