Павлодар облысында екі күннен бері дала өрті толастар емес

Павлодар облысында екі күннен бері дала өрті толастар емес

Павлодар облысында жергілікті орман шаруашылығының өрт сөндірушілері мен еріктілер дала өртін екі күннен бері сөндіріп жатыр. Өрттің бірнеше ошағы анықталды, олардың нақты аумағы нақтыланып жатыр.

Instagram желісінде өрт болған жерден видеолар пайда болды. Солардың бірі 8 қазанда кешке түсірілген, куәгерлер Павлодардағы Новоямышево ауылы маңында болған өртті түсірген, олар аймақты шарпыған түтін мен бұлттарды ақырзаманмен салыстырған. Жергілікті тұрғындар түтіннің иісіне шағымданады.

Ал Май ауданында дала өрті орылған шөпті шарпыған, жергілікті тұрғындар орман да өртеніп жатқанын хабарлады.

Алайда облыстың ТЖД өкілдері орман өрті дерегін растамады. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу ауылдық аймағына қарасты Омаров округінде өрт шыққаны туралы хабарлама 8 қазанда сағат 12.50-де түскен, сағат 15.00-де Май ауданында Баскөл ауылының маңында дала өрті болған. Қазір өртті сөндіруге жүзге жуық адам жұмылдырылған.