Шарын шатқалында адасып кеткен жеті турист табылды

Шарын шатқалында адасып кеткен туристер табылды. 7 адамнан тұратын топ «Қорғандар қамалы» деп аталатын шатқал маңында бағытынан жаңылған.

Сөйтіп, қайтар жолды таппай қалыпты. Жоғалғандарды іздеуге тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы орган өкілдері, кәсіби құтқарушыларды қосқанда жүзден аса адам  жұмылдырылды. Арнайы техникамен аумаққа шолу жасалды. Түні бойы жүргізілген жұмыс, таңертең нәтиже берді. Туристер аман-есен табылып,  қауіпсіз жерге шығарылды. Шаршап шалдыққан олар, медициналық көмекке жүгінуден бас тартқан.

Бақыт Иманқұлов, Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері:

- Алматы облысы ТЖД өзінің туристік бағыттарды жоспарлаған кезде міндетті түрде Алматы облыстық ТЖД іздестіру құтқару бөліміне тіркеліп, байланыс телефондары мен маршурут сызбасын көрсетіңіз. Келу және кету күндерін және басқа да ақпаратты хабарлаңыз.