Талдықорғанда 116 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған есепші ұсталды

Талдықорғанда 116 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған есепші ұсталды

Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ербол Құрманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

1995 жылы дүниеге келген күдіктіге аса ірі көлемдегі мемлекет қаржысын өзі қызмет еткен медицина мекемесінің 2021-2022 жылдардағы бухгалтерлік құжаттарына жалған мәлімет енгізу жолымен талан-таражға салды деген айып тағылды.

Ербол Құрманбаев, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі:

– Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлға мемлекеттік бюджеттік ақша қаражатын 116 млн теңге шамасында жымқыру дерегі бойынша күдікке ілінді. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Талдықорған қаласының уақытша қамау изоляторына аталған тұлға қамауға алынды.