Ақтауда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Ақтауда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Ақтауда полиция көлігінің қатысуымен болған жол апатынан 5 адам жарақат алды. Оның үшеуі – тәртіп сақшысы, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Газель» маркалы қызметтік көліктің көше қиылысында қозғалған сәтінде сол жағынан жеңіл машина шыққаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Арнайы жарықпен белгі беру құралы қосылған полиция көлігі түнгі сағат 2 шамасында шақыртуға бара жатқан екен. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай жолдан өтпек болған. Апат кезінде соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. 

Әйгерім Ибадуллаева, ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

– Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қызметтік автокөлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.