Жамбыл облысында 6 млн теңгені қолды қылған бас дәрігер сотталды

Жамбыл облысында аудандық аурухана қаржысын жымқырған бас дәрігер істі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орынбасары мен есепшісі де жауапқа тартылды. Жамбыл аудандық орталық ауруханасының басшылығы 5 млн 800 млн теңгені өз мүддесіне жаратқан. Тергеуде бас есепші бар кінәні мойындады. Аурухана басшысы мен орынбасары тағылған айыпты жоққа шығарды. Сот шешімі бойынша мекеме басшысы ұрланған ақшаны 10 есе қылып қайтарады. Яғни 58 000 000 теңге айыппұл төлеуге міндетті. Ал, қалған күдіктілер 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.