Жезқазғандағы теміржол вокзалында ер адам есірткімен ұсталды

Жезқазғандағы теміржол вокзалында ер адам есірткімен ұсталды
ҚазАқпарат

Жезқазған теміржол вокзалының жанында автобуста отырған ер адам есірткімен қолға түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жезқазғанда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі есірткі заттары бар адамды табуға және ұстауға көмектесті.

15 қазан күні таңертең 6505 әскери бөлімінің кинологі ефрейтор Алмат Ахметжанов «Ай» атты қызметтік итімен және Жезқазған қаласының полиция қызметкерлерімен бірге теміржол вокзалының жанында автобусты тексеру кезінде күдікті азаматты ұстады. Қызметтік ит жолаушының жол сөмкесіне қарап үру арқылы ішінде тыйым салынған зат барын білдіреді. Куәгерлердің қатысуымен сөмке ішінен жағымсыз иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік заты бар полиэтилен пакеті тәркіленді.

Мән-жайды одан әрі анықтау үшін күдікті Жезқазған қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.