Алматыда тергеу изоляторынан қашқандар ұсталды

Алматылық полицейлер уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен екі күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Кеше 29 және 30 жастағы екі ер адамның қашып кеткені туралы хабар тараған еді. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі бұл мәліметті растады. Оның айтуынша, екі айыпталушы бұған дейін бірнеше ұрлық жасағаны үшін қамауға алынған. Қос күдікті абақтыға қайта қамалды.