Сәтбаев қаласында біреу 24 жастағы жігітке оқ атты

Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 24 жастағы ер азаматқа оқ атқан.

Оқиға тапа-талтүсте Ұлытау молл сауда орталығының алдында болған. Жараланған азамат Жезқазған қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша оқ оң жамбасына тиген. Шабуыл жасаған адамның мұндай зұлымдыққа не үшін барғаны әзірге беймәлім. Қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел іздестіріп жатыр.