Жамбыл облысында есірткі сатқандар ұсталды

Жамбыл облысында есірткі сатқандар ұсталды

Жамбыл облысында iрi көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 адам мамыр айынан бастап есірткі саудасын қыздырған. Барлығы да  Шу ауданының тұрғыны. Олар гашиш пен марихуана дайындап, басқа өңірлерге өткізіп отырған. Тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 100 келiден асатын есірткі табылды. Сондай-ақ «Ақсу» автоматы мен 30-дан аса патрон тәркіленді. Ұсталғандар қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.