Челябинск облысында апатқа ұшыраған автобуста Қостанай тұрғыны болған

Ресейдің Челябинск облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.

Оқиғадан 13 адам жарақат алды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша Екатеринбургке жол тартқан көлікте 22 адам отырған. Арасында Қостанай қаласының тұрғыны бар. Апат жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6 кезінде болған. Автобус жыраға құлап, аударылыпты. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжамға сай ауа райының қолайсыздығынан жүргізуші темір тұлпарды тізгіндей алмаған.