Ұзақ уақыт бойы «мефедрон» дайындап, өткізумен айналысқандар ұсталды

Ұзақ уақыт бойы «мефедрон» дайындап, өткізумен айналысқандар ұсталды

Төрт адамнан құралған қылмыстық топты ұйымдасқан Қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Көліктегі полиция департаменті анықтады.

Оларға «Бүркіт» жауынгерлері көмектескен. Тексеру кезінде күдіктілердің психотроптық заттарды Алматыдан Астанаға автомобильдердің қосалқы бөлшектеріне жасырып тасымалдағаны белгілі болды. Көлік полицейлері Алматыда жасырынған зертхананы анықтап, ондағы психотроптық заттарды дайындауға арналған 30-ға жуық жабдық, 500 литр химиялық концентрат, сондай-ақ 1 келіден астам дайын психотроптық затты тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.