Елімізде адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды

Соңғы 4 айда елімізде адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, аталмыш уақытта адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы министр Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасымен күрес туралы құқықтық форумда айтылды.

БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі балалар. «Өкінішке орай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», - деді Марат Ахметжанов.

Қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі. «Құқықтық форумда, заңға өзгеріс енгізіліп, кешенді шаралар жасалу керек», - деді жиналғандар.