Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген тұлғаларға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға қаншалықты жақын? Президент тапсырмасымен қазір Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген тұлғаларға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерек анықталса, шара қолданылады. Ал мемлекеттік қызметкердің әрекеті Әдеп кодексінде айқындалған. Құжатқа сәйкес олар билікке кір келтіретін іс жасамай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтауы тиіс.