Шымкентте балабақша меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Шымкентте балабақша меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері күдіктінің бюджетке 19,3 миллион теңге шығын келтіргенін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыруға бөлінген ақшаны үш жыл қатарынан қалтаға басқан. Кінәлі басшы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.