Қапшағай су қоймасында балық тағы қырылды

Қапшағай су қоймасында балық тағы қырылды

Қапшағайда тағы да балық қырылды. Өлі шабақтар нөмірі 11-ші балық шаруашылығы аумағынан табылған.

«Балқаш-Алакөл» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше табылған су маржандарының салмағы үш тоннаға жуықтайды. Қазір экологтар, әкімдік, прокуратура, инспекция мамандарынан құралған жұмыс тобы мән-жайды зерттеп жатыр. Өңірде шабақтардың қырылу себебін анықтау жөнінде штаб құрылып, қылмыстық іс қозғалды.