Белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар Одағы Астана филиалының төрағасы Дәулеткерей Қапұлы жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпен Әмірбек Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Соңғы жылдары «Қазақ» және «Шалқар» радиоларында қызмет атқарды. Қаламгер 72 жасында дүниеден озды.