Алматыда автобустардың қақтығысынан зардап шеккен 6 адам қалалық №4 ауруханада жатыр

Алматыда автобустардың қақтығысынан зардап шеккен 6 адам қалалық №4 ауруханада жатыр

Оның төртеуі нейрохирургия бөліміне түскен. Бас-ми жарақатын алған науқастардың жағдайы бірақалыпты,-дейді дәрігерлер. Денсаулықтары түзелсе бір аптадада ауруханадан шығарылуы мүмкін. Ал екі адам қосарланған жарақат бөлімінде емделуде. 

Дәурен Түсіпов, №4 Қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі
- Екі науқаста да қосарланған жарақат. Екеуінде де ми жарақаты, кеуде жарақаты. Толық көмек көрсетіліп, зерттеулер жүргізіліп, қазіргі таңда жағдайлары тұрақты, толық ем алуда. Әлі ота жасалған жоқ, ем-шаралар жүргізіліп жатыр протокол бойынша. Емдеу барысында ота қажеттілігі анықталады.

Қалалық полиция департаменті жол көлік оқиғасының сызбасына сәйкес 98-ші бағыттағы автобустың бағдаршамның тиым салынған белгісіне өтіп кеткенін мәлімдеді. Ал тасымалдаушы компания басшылығы болса: Біздің автобус көше қиылысындағы жүрісін аяқтап үлгермеген,-дейді. «CITY BUS» компаниясына тиесілі автобустың рөлінде 35 жастағы жүргізуші болған. Он жылдық тәжірибесі бар екен. Қазір ол ауруханада жатыр. Жағдайы бірқалыпты.

Абылай Өстемір, «City bus» ЖШС директорының орынбасары:
- Сот шешімі нақты шыққан кезде, кінәлілер анықталған кезде, егер біздің мекеме кінәлі болса барлық шығындарды өтеуге біз дайынбыз. Ешқандй жауапкершіліктен қашып тұрғанымыз жоқ.

Өкінішке қарай жол апатынан бір адам көз жұмды. Екінші қоғамдық көлік «Алматыэлектротранс» компаниясына тиесілі. №201 маршрут 23 қыркүйекте жаңартылған екен. Автопарктің мәліметінше, техниканың ешқандай ақауы жоқ. Қазіргі таңда ірі жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев, Валентин Лобанов