Петропавлда заңсыз алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді

Солтүстік Қазақстанда заңсыз алкоголь және темекі өнімдері анықталды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде олардың бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасы табылды. Ол жерден 740 литр спитр, 50 литр коньяк құйылған 158 бес литрлік ыдыс, сонымен қатар акциз маркасы жоқ 22 369 қорап темекі өнімі тәркіленді. Олардың жалпы құны 13 миллион теңгеге бағаланды.

Руслан Назаров, облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Гараждың иесі оны қандай мақсатта пайдаланылатынына еш күдіктенбестен жалға берген. Тексеріс кезінде тауардың иесі анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.