Қарағандыда жол апатынан тағы бір адам көз жұмды

Қарағандыда жол апатынан тағы бір адам көз жұмды

Қарағанды қаласына кіреберістегі көпір үстінде соқтығысқан екі автобустың бірінде болған 19 жастағы қыз  ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық  денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.  Жантүршігерлік апаттан екі адам көз жұмды.  17 адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр.  Оның үшеуінің жағдайы ауыр.  

Еске сала кетейік, бүгін таңертең қалааралық бағытта жолаушы  тасымалдайтын екі автобус бетпе-бет соқтығысты.   Құтқарушылар  мерт  болған жүргізушінің денесі  мен тағы 8 адамды көлік ішінен шығарып алды.