«Алматы-2» теміржол вокзалынан өрт шықты

Бүгін «Алматы-2» теміржол вокзалынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, 40 минуттың көлемінде толығымен сөндіріп үлгерді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Қызыл жалын нысанның 30 шаршы метрін қамтыған. Дегенмен, вокзал жұмысын тоқтатпай, штаттық режимде жұмысын жалғастырды. Өртке байланысты пойыздардың кешігуі тіркелмеді. «Алматы-2» вокзалы 1939 жылы пайдалануға берілген. Содан бері жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.