Семейде еріктілер жұмысшыларға ыстық шәй таратты

Семейдің ерікті жастары қатты аязға қарамастан көшеде жұмыс істеп жүрген жандарға ыстық шәй мен бәліш таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

30-ға жуық студент 100-ге жуық адамға жылы тағам мен тәтті-дәмді ұсынды. «Бұл кісілер нағыз еңбек адамдары. Қандай құрметке де лайық», – дейді олар. 

Дүйсенбай Жакупов, "Зеленстрой" ЖШС қызметкері:

- Жұмыс істеп жатырмыз. Күндіз де, түнде де қар шығарамыз тоқтамай. Жастар бізге ыстық кофе, шәй әкеп жатыр. Көп рахмет.

Мерей Сырымұлы, ерікті:

- Қыстың осынау қақаған аязды күндерінде көшеде жұмыс істеп жүрген аға-апайларымызға ерікті түрде көмек көрсеткіміз келді. Бұл кісілер қандай құрметке де лайық.