Екібастұзда ақаулар азаймай тұр. LIVE

Екібастұзда жағдай түзеле қойған жоқ. Жылу құбырларынан тағы да ақау шығып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына қосымша 25 бригада, яғни 150 адам көмекке келген. Анықталған 15 апаттық учаскенің 14-і қалпына келтірілді. Десе де, бүгін таңертең 25 көпқабатты және 90 жеке үйде жылу беруде қиындықтар байқалды. Штабтың соңғы мәліметінше, 17 көпқабатты үй, 2 әлеуметтік және бір әкімшілік нысанның жылу беру жүйесінен ақау табылды. Бүгін таңертең олардың саны тағы 25-ке артты.