Екібастұздағы 58 көпқабатты үйдің тұрғындары әлі жылусыз отыр

Бұл ғимараттардың барлығы негізгі ақау анықталған Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында орналасқан.

Жауапты мамандардың айтуынша, көп ұзамай 41 үй бірте-бірте жылу магистраліне қосылады. Сонымен қатар ертең 17 көпқабатты баспананы жылумен қамту жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, коммуналдық апат 27 қарашада болған еді. Қала ішіндегі жылу тарату құбырларынан 15 ақау анықталған. Қазір күні-түні жөндеу жүргізіліп жатыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, төтенше жағдай - жылу электр станциясы жұмыскерлерінің қателігінен болған.