loader

Екі күнде 220-дан астам мал ұрлығы тіркелді

Екі күнде 220-дан астам мал ұрлығы тіркелді

Ел бойынша екі күн ішінде 220-дан аса мал ұрлығы тіркелді.

Соның негізінде 175 адам, оның ішінде 26 топ ұсталды. Қылмысты Ішкі істер министрлігі  «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы аясында әшкереледі. Күдіктілерден 977 бас мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Мамандардың айтуынша, соғым уақыты таяғанда мал ұрлығы жиілеп кетеді. Айта кетерлігі, полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 7 мыңнан астам автокөлікті тексерді. Сондай-ақ 7 мыңға жуық шаруа қожалығы мен шалғай учаскесінде, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында 786 құқық бұзушылық анықталды. Күдіктілер тиісті құжатсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдап келген.

Сондай-ақ...