Екібастұздағы барлық тұрғын үйге жылу толықтай берілді

Жедел штаб осылай деп хабарлады. Мәшһүр Жүсіп және Сәтбаев көшелерінде орналасқан 11 үйге су беру және су бұру жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Әкімдіктің колл-орталығы мен «Екібастұзжылуэнергиясы» серіктестігінің абоненттік қызметіне тұрғындардан шағым толассыз түсіп жатыр. Оның ішінде жеке сектордағы жылу жүйесіндегі ақауға қатысты арыз көп. Жедел штаб басшылығы барлық өтінішті қабылданып, назарға алатындарын айтады.    

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:     

- Әлі алдымызда тағы бір мақсат тұр. Әлеуметтік нысандардың жұмысын қалпына келтіру. Осы қараша айының соңында онға жуық әлеуметтік нысандарымыз жылусыз қалса, қазір үшеуі ғана қалып отыр. Жетеуін қалпына келтірдік. Үш нысан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.