Қарағандыда газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр – дәрігерлер

Қарағандыда газ жарылысынан зардап шеккен әйел адамның өмірі үшін дәрігерлер әлі де күресіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның денесінің 40%-ін күйік шалған. Ал 70 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін қаза тапқан болатын.

Ал қарттармен бірге болған 8 жастағы баланың денсаулығы тұрақты ауыр көрінеді. Оның күйігі шамамен 8% шамасында. Дәрігерлер екеуі де жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқандарын айтты.

Еске салсақ, кеше Қарағандыдағы жер үйдің бірінде 50 литрлік газ жарылған болатын. Мамандар апатқа нақты не себеп болғанын анықтап жатыр.