Киіктер өзенге мұз болып қатып қалды

Батыс Қазақстан облысындағы Сарыөзен бетінде мұзбен үстінде қатып қалған 21 киік табылды.

Қызметкерлер жануарлардың өлексесін жағаға шығарды. Мамандардың болжамы бойынша, жануарлар су ішуге келген. Сол сәтте Жұқа мұз жарылып, киіктер өзенге түсіп кеткен болуы мүмкін. Биылғы қара суық жан-жануарларға оңай тимей тұр. Қарашаның аяғында аяз күшейгелі бері өзен-көлдер тегіс қатып, Еділ-Жайық арасындағы миллиондаған киік тіршілік нәрінен тарығып жүр, - дейді мамандар.

Арман Ізімғалиев, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

 - Киіктің барлық төшкелері мұздан шығарылып, оқиға болған жерде акт толтырылып, мал моласында өртелді. Қар болмауына байланысты жалпы киік емес, барлық жануарларға қиын жағдайлардың бірі. Осы себепті Бөкей Орда резерваты қызметкерлері биотехникалық іс шараларды жүргізіп жатыр.