Қаракөл жасанды су қоймасында 100-ден аса аққу қырылып қалған

Қаракөл жасанды су қоймасында 100-ден аса аққу қырылып қалған

Каспий теңізі маңындағы Қаракөл жасанды су қоймасында 100-ден аса аққу қырылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлдің жағасында жатқан қанаттыларды жергілікті тұрғын дронға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, көл маңында аққулардан басқа құстың өлексесі болмаған. Қазіргі уақытта бірлескен жұмыс тобы аумақта зерттеу жүргізіп жатыр.