ШҚО-да 3 балықшы құтқарылды

Сібе көлінде балық аулаған жерде, соққан қатты боран оларды тығырыққа тіреген.  Балықшылар құтқарушыларға хабарласқан.

Оқиға орнына келген Ұлан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері үш адамды құтқарып, Бозанбай ауылына жеткізген. Осы ретте, Төтенші жағдайлар қызметкерлері боранды күндері тұрғындардан тәуекелге бармауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды. Қазгидрометтің мәліметінше бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады.  Атырау, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, боран болады деп күтілуде7