Жалған шот-фактура жасаумен айналысқан Павлодар тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды

Жалған шот-фактура  жасаумен айналысқан Павлодар тұрғыны  екі жылға бас бостандығынан айырылды

Оған  «коммерциялық құжаттарды  заңсыз жасады»  деген айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті  шаруа қожалықтарының деректемелері мен мөрлерін пайдаланған.    Осылайша  бидайды жеткізу туралы жалған шот-фактура жасап, кәсіпкерлерге заңсыз таратқан.  Тергеу барысында шаруашылықтарда жайылымдық жерлер,  егіс алқаптары, тауарлар мен көліктерді сондай-ақ арнайы техниканы сақтайтын қоймалардың жоқтығы белгілі болды.   Құжаттардың жалған екенін облыстық экономикалық тергеу департаменті анықтаған.

Арман Әбетанов, Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды  істер  жөніндегі  жедел өкілі:

- 2020 жылдан 2022 жылға дейін Сейілханов жалпы сомасы төрт миллиард теңгеден асатын шот-фактураларды заңсыз жазып берген. Осылайша  кәсіпкерлердің  840 миллион теңгенің  салығын төлемеуіне  ықпал етті. Успен аудандық соты оны ҚР ҚК 28-бабының бесінші,   216-бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тапты және  екі жылға бас бостандығынан айырды.