Оралда су құбырында техникалық апат жиіледі

Оралда су құбырында техникалық апат жиіледі

Оралда су құбыры желісінде ақау жиілеп кетті. Өйткені инженерлік жабдықтар әбден тозып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 143 рет техникалық апат болған. Тұрғындар кемінде айына екі рет сусыз қалып жатыр. Әкімдік өкілдері салада жаңғырту жобалары қолға алына бастағанын айтты. Кәріз, сорғы стансаларын жөндеуге және жерасты су ұңғымаларын бұрғылауға 1,6 млрд теңге бөлінген. «Сонымен қатар тағы үш жобаның сметалық құжаттары дайындалып жатыр» дейді шенеуніктер.

Темірхан Меңдіғалиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Кәріз сорғы стансасын жаңғырту, жерасты су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары келер жылы аяқталады. Үш сорғы стансасының жобалары пысықталып жатыр. Тағы бір стансаны қайта құруға келер жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлу жоспарланған.