Екібастұз білім беру мекемелеріне келесі аптадан бастап жылу беріледі

Мектептер қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов арнамыздан шығатын «Сұхбат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Екібастұздағы көпқабатты үйлердің барлығына бірдей  жылу берілгенін айтады. Риддердегі жағдай да тұрақталды.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР  Энергетика вице-министрі:

- Қазір жағдай тұрақталды. Проблема шешілді деп айта алмаймыз. Өйткені жылумен жабдықтау жүйесі бұзылған. Оның үстіне, қақаған аязда жылу тапшылығы да сезіледі. Қазір станция қалыпты режимде жұмыс істейді, жылу бірер күнде беріледі. Жеке пәтерлерде жылуға қатысты белгілі бір шағымдар бар, бірақ бұл мәселені  тұрғын үй инспекциясы шешеді.