Оның бірі Меңдіқара, екіншісі Қостанай ауданының тұрғыны. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, іс сот қарауына жіберілген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы екі апта бұрын басталған «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері оннан астам құқық бұзушылықты анықтаған. Оның басым бөлігі қылқан жапырақты ағашты заңсыз саудалауға қатысты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары пиротехника өткізетін орындарды бақылауға алды.
Бауыржан Қасымқан, Қостанай облыстық ПД баспасөз орталығының қызметкері:
- «Пиортехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері облыста пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің 12 бұзушылығы анықталды. Пиротехника сатушылары «ҚР әкімшілік құық бұзушылық туралы» Кодекстің 196-шы бабы, заңсыз сауда бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясы 25 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді.
