Оралда 9 қабатты үйдің шатырында есірткі өсірген адам ұсталды
Оралда 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында қарасора өсірген ер адам ұсталды.
40 жастағы күдікті шатырға жылыжай салып жылу мен жарық желілерін тартып алған екен. Полицейлер тінту шаралары кезінде есірткі дайындауға арналған құрал-жабдықтар мен 8 құмыра қарасора тәркіледі. Күдікті құрал-жабдықтарды, өсімдік тұқымын және бейненұсқаулықтарды ғаламтор арқылы тапсырыспен алғанын айтқан. Қазір полицейлертергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Болатбек Нұрғожин, БҚО ПД ресми өкілі:
- ҚК 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасымен қолхат қабылданды.