Солтүстік Қазақстан облысында боранда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр.
Айыртау ауданына қарасты Янко бекетінде тұратын інісіне қонаққа келген 45 жастағы жігіт 15 шақырым жердегі ауылы - Жаңасуға жаяулатып шыққан. Бірақ үйіне сол – күйі келмепті. Қазір оны іздеуге полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Бүгін ауданда боран күшейіп, жолдар жабылды.
Тұрлыбек Жамалиденов, Айыртау аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары:
- Жедел іздестіру тобы құрылды. Саны 19 полиция. Айыртау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінен 9 қызметкер. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан айыртау ауданының еріктілері мен жұртшылығынан тартылған 10 адам. Техника 4. Барлығы қолданды. Қазіргі кезде іздестіру шаралары өткізіліп жатыр.
