Ақтөбеде 2 адамды ажал құштырған күдікті ұсталды
Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп, қызын қан-жоса етіп пышақтады деген күдікті ұсталды.
Полицейлер қаладағы бақылау камераларының көмегімен қылмысқа қатысы бар деп жергілікті тұрғынды анықтаған. Бұрын сотталмаған тұлғаның бұл әрекетке тонау үшін барғандығы мәлім болды. Тәртіп сақшылары қылмыскердің екінші қабатта ашық тұрған балкон есігінен кіргенін айтып отыр.
Естеріңізге сала кетсек жантүршігерлік оқиға наурыздың 29-күні болған. Қылмыскер 35 жастағы әйел адам мен оның 16 жастағы баласын өз үйінде пышақтап кеткен. 13 жасар қыз баланың да мойнына бірнеше мәрте пышақ сұққан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Мұрат Ауғалиев, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:
- Осы қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы тұрғын ұсталды. Ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.