Степногорскіде алтын үптеп кеткендер елордада ұсталды

Степногорскідегі алтын дүкенін үптеп кеткен ұрылар алысқа ұзамады.

Оңай олжаны ойлаған жігіттер Астанада қолға түсті.

Күдіктілердің бірі 1977 жылы, екіншісі 1988 жылы дүниеге келген. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Олардан заттай дәлелдер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және көлік тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әзірге зергерлік дүкенді тонау мұқият жоспарланғаны белгілі.

Естеріңізге сала кетсек, 1 мамыр күні ұрылар дүкенге жертөле арқылы кіріп, 180 млн теңгенің дүниесін жымқырып кеткен еді.