Алматыда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы құлады

Алматыда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар жел қатты тұрғандықтан үй жабындысы құлады деген қорытынды шығарды.

Синоптиктер бүгіннен бастап елдің 9 облысында қатты жел тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жауатынын ескерткен еді. Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Жел екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде қырау түсуі мүмкін. Қызылорда облысында өрт қаупі сақталып тұр. Бүгін Қазгидромет мамандары Алматы мен Астанада найзағай ойнап, қатты жел соғатынын ескертті.