Түркияға қомақты валютамен ұшпақ болған адам ұсталды

«Астана-Анталия» бағытындағы халықаралық рейсті рәсімдеу кезінде жолаушылардың бірінен ірі көлемде валюта анықталды.

Декларацияланбаған қомақты қаржыны алып өтпек болған адам тексеріс жүргізу үшін кедендік бекет қызметкерлеріне берілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комиетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.  9 мамырда Шекара қызметі және «Астана-Әуежай» кедендік бекетінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында 92 мыңнан астам еуро мен 29 мыңға жуық рубль және 9 жарым мың АҚШ долларын заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, делінген хабарламада.