Атырау облысында көлік апатынан 7 адам көз жұмды

Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-ші шақырымында Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соғылған. Оқиға орнында Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota-ның жүргізушісі мен 1 жолаушысы көз жұмды. Тағы 2 адам түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.

Әділбек Шахметов, Атырау облысы Полиция департаменті жанындағы патрульдік ротаның командирі:

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам қаза тауып, 2 адам әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Осы аталған қазаның өзі сіздерді ойландыруы қажет. Осыған орай барлық жүргізушілерден қауіпсіздік шараларына өте мұқият болып, басып озуға тыйым салынған жол белгілеріне баса мән беруді ескертеміз.