Қапшағай су қоймасында бір отбасы құтқарылды

Катамаранға мінген 2 ересек пен 6 бала жағалаудан 1 шақырымға ұзап кетіп, кері қайта алмаған.

Құтқарушылар барғанда су көлігі лық тола бастағаны белгілі болды. Отбасы мүшелері әбден қорқып қалғандары болмаса, медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды.