Павлодар облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, онда шетелдіктер синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан.

Іздестіру кезінде цех аумағынан заманауи зертханалық жабдықтар табылды. 100 келіге жуық психотропты зат тәркіленді. Есірткі тауарлары ТМД елдерінде сатылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу  жүріп жатыр.