Степногорск қаласында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды
Степногорск қаласында магистральді су құбырындағы апатқа байланысты жергілікіті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
Екі күн ішінде жүйеде 50-ден астам апат тіркелген. Салдарынан қаланың 4 ықшам ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды. Енді тұрғындар үшін ауызсу арнайы цистерналарда тасымалданатын болады. Коммуналдық қызмет өкілдері қалаға су беруді толық тоқтатуымыз мүмкін дейді.
Қазір апат орнында екі бригада мен бес техника жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша қалалық магистральді су желілерінің 90%-ға жуығы тозған.