Лагерьге демалысқа бара жатқан бала пойызда қайтыс болды

Бұл оқиға бүгін «Атырау – Астрахань» бағытында қатынайтын пойызда болған.

Ақпаратты Қазақстан темір жол компаниясы да растап, өздерінің ресми сайтында жариялады. Мәліметке сай 2010 жылы туған бала өзге де жеткіншектермен бірге лагерьге бара жатқан. Оларға бас-көз ретінде жандарында 4 ересек адам болған. Барлығы да тамақты өздерімен бірге алып келген. Пойыз қозғалғаннан соң 1,5 сағат өткеннен кейін бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеп, жедел жәрдемді жақын маңдағы станцияға шақырған. Өкініштісі, медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын ғана растаған. Қазіргі таңда жеткіншек өлімнің себептерін нақты анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.