Қарағанды облысындағы шахтада кенші ауыр жараланды
Қарағанды облысындағы «Шахтинск» шахтасында бір жұмысшы ауыр жарақат алды.
Кеніштегі бұрғылау жұмысы кезінде кен опырылып, 34 жастағы жігітті басып қалған. Әріптестері алғашқы көмек көрсетіп, дереу жоғарыға алып шығады. Кеуде сүйегі сынған кенші Мақажанов атындағы клиникада ем алып жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы бірқалыпты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.