Астанада мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген топ ұсталды
Елордада мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды.
Олар кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектескен. Дәлірек айтсақ, қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді орындамай, жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған. Қазіргі таңда істі тергеу аяқталды. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
-2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлғалар мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке өтелмеген 1 млрд теңгеден астам салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген.