Алматы тауларында жоғалған турист іздестіріліп жатыр
Алматы тауларында жоғалған турист, үш күннен бері іздестіріліп жатыр.
Өкінішке қарай, одан әзірге ешқандай дерек жоқ. Ол 5 тамыз күні Шымбұлақ-Талғар аСуынан шығып, Абай шыңын, жалғыз өзі еңсермек болған. Сол күні достарына кешке қарай, қалаға оралатынын ескерткен. Бірақ белгіленген уақытта ол байланысқа шықпай қалады. 39 жастағы туристі дереу іздеуге, құтқарушылар тартылды. Оған қоса, кинологтар, волонтерлер мен альпинистер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары түнде де тоқтаған жоқ. Құтқарушылар таудағы ауа-райы жақсарғаннан кейін, ұшқышсыз ұшу аппаратын да іске қосты. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.