Ақтөбе обысында қарасан індетінен 6 бас мал өлді

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында ірі қарадан қарасан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы дерттен шаруа қожалықтарының бірінде 6 бас мал өлді. Қазір қожалықта карантин жарияланып, сырттан мал әкелуге және тасымалдауға шектеу қойылды. Қауіпті індетке шалдыққан ірі қараның ұшасы жойылды. Қожалықта қазір 325 бас сиыр және 576 ұсақ мал бар. Мамандар төрт түлікті бақылауға алды.

Бердімұрат Бекжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Шектеу шаралары тек Самғат шаруа қожалығында жүргізіледі. Ол бойынша эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс істеп жатыр. Сауықтыру шараларын жүргізіп жатыр. Ол 21 күнге созылады. Соңғы мал өлгеннен кейін. Бүгінгі күнге мал толығымен егіліп, бақылауға алынды.